Елімізде сарапшылар кеңесі құрылады

Елімізде сарапшылар кеңесі құрылады
Сурет: видеодан алынды

Елімізде экономикалық сұрақтар бойынша сарапшылар кеңесі құрылатын болды.

Сарапшылар елордада арнайы отырыс өткізіп, Жолдауда көтерілген негізгі мәселелерді талқылады. Атап айтсақ, мемлекеттік жоспарлау жүйесі. Жолдауда оны түбегейлі өзгерту қажеттігі айтылған. Есесіне жергілікті жерлердегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

«Яғни, кез келген саланы дамыту үшін ұлттық бағдарлама немесе жоба әзірлемей, өңірлерде жұмысты жетілдіруге жол ашу керек», - дейді сарапшылар.

Кеңесте қаралған мәселелердің нәтижесі Президент әкімшілігі мен Үкіметке жолданады.

Қайырбек Арыстанбеков, Экономикалық зерттеулер институтының директоры:

Бізде енді 167 аудан бар ғой. Солардың үлес салмағы 20 пайыз ғана. Қалғаны орталық органдардың индекаторлары. Демек мемлекеттік жоспарлау жүйесінде орталықтандыру болып кеткен. Ал ІЖӨ қай жақта жасалады? Астанада емес қой.