Елімізде коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 10 миллионға жуықтады

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 10 миллионға жуықтады
Сурет: Tengrinews.kz

Pfizer вакцинасын шамамен 1 миллион адам алды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 489 564 адам, екінші компонентін 9 254 951 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау барысында мәлімдеді.

«Биылғы 7 мамырда Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 095 335 тұрғын, екінші дозасын 953 900 тұрғын қабылдады. Оның ішінде бірінші компонентімен 833 949 жасөспірім, 38 718 жүкті әйел, 137 699 бала емізетін ана қамтылды. Екінші компанентін жасөспірімдерден – 767 991-і, жүкті әйелдер – 34 039-ы, бала емізетін аналардан 123 717-сі алды», - делінген хабарламада.