Елімізде коммуналдық тарифтер неге қымбаттады?

Елімізде коммуналдық тарифтер неге қымбаттады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстандық коммуналдық кәсіпорындардағы техникалардың біразы ескірген.

Тарифтерді көтеруден түскен ақша инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Стратегиялық тауарлар бағасының өсуі мен электр қуатының қымбаттауы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Energyprom.kz басылымының жазуынша, "Тарифі инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру аясында 2023 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тарифтерді көтеруге 212 өтінімді мақұлдады. Бұл өтінімдерді коммуналдық кәсіпорындар – табиғи монополиялар субъектілері берген.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы тарифтердің өсуіне әсер еткен негізгі факторлар:

электр энергиясы бағасының өсуі (+27%);

тауар газдың көтерме бағасының өсуі (+12%);

коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыру;

стратегиялық тауарлардың құнын көтеру – көмір, мазут және т.б.

Тарифтерді көтеруден түскен ақша инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады. Қазақстандық коммуналдық кәсіпорындардағы техникалардың біразы ескірген.

"Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымы жаңғыртуды және жөндеуді қажет етеді, салаға сапалы кадрларды тарту үшін қызметкерлердің жалақысын көтеру керек, қараусыз қалған желілерді ретке келтіретін уақыт келді. Осы шаралардың барлығы қазақстандықтарды коммуналдық салада сапалы қызмет көрсету үшін қажет. Сондықтан да елімізде "Тарифі инвестицияға айырбастау" бағдарламасы қолға алынды", – деп мәлімдеді Energyprom.kz.