Елімізде кітап оқуға деген қызығушылық артады

Елімізде кітап оқуға деген қызығушылық артады
Сурет: Qazaqtimes.com

Цифрлық ақпарат құралдарының көбеюі мен электрондық кітаптардың пайда болуы кітапханалардың жойылып кетуіне әкелмейді - мамандар.

Былтыр кітапханаға бару бойынша рекордтық жыл болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, келушілер саны 2021 жылы 6 миллион адамнан асқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

 «Біз кітапқұмарлар  клубында әрбір шығарманы не болмаса туындыны бастан-аяқ зерттейміз. Әртүрлі жанралардағы кітаптарды оқып, оны талдаймыз. Бірақ оқырмандардың көпшілігі роман, қазақ әдебиеті, утопия, дистопия және фантастика, қиял жанрын жақсы көреді», - деді оқырмандар клубының құрылтайшысы Мәдина Сәдуақасова.

«Бүгінде қазақстандық жазушылардың туындылары сұранысқа ие», - дейді Астанадағы орталық кітапхана өкілдері. Айта кетейік, мұнда жыл сайын 7 мыңнан астам жаңа оқырман тіркеледі. Сонымен қатар егер пайдаланушылардың 30% студенттер болса, қалғандары орта жастағы адамдар мен зейнеткерлер.

 «Қазір кітапсүйер қауымның саны артуда. Бұл бір үрдіс секілді. Жастар жаңа туындыларға қызығушылық танытады және Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабын қазақ және орыс тілінде оқитындар көп. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов пен Бердібек Соқпақбаевтың туындылары да сұранысқа ие», - дейді М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана бөлімінің басшысы Гүлайым Жұмабаева.

 Шетелдік, сондай-ақ қазақ және орыс классиктерінің романдарына да сұраныс артқан. Айтпақшы, оқырмандардың 34% - кітапханалардың интернет-ресурсын пайдаланушылар.