Елімізде электр самокатты басқаратын адамның құқықтық мәртебесі қарастырылмақ

Елімізде электр самокатты басқаратын адамның құқықтық мәртебесі қарастырылмақ
Сурет: Inform.kz

Елімізде электросамокат мінген адамның жолда жүру тәртібі айқындалады

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды Almay.akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

"1 шілдеде электр самокаттарының техникалық сипаттамасын белгілейтін ұлттық стандарт күшіне енді. Осы стандарттың талаптарын ескере отырып, электр самокатты басқаратын адамның құқықтық мәртебесін қарастырамыз. Сондай-ақ олардың жолда жүру тәртібін анықтаймыз", - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.