Елімізде білім грантымен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Елімізде білім грантымен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді
сурет:liter.kz

Бакалавр, магистр дәрежелері берілетін білім грантын бөлу тәртібі өзгерді.

​Үкіметтің қаулысымен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін ЖОО-да білім грантымен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді. Білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35%-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі», - делінген Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №31 қаулысының мәтінінде.