Елімізде азаматтық авиация күні белгіленеді

Елімізде азаматтық авиация күні белгіленеді
Сурет: Turkystan.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды.

Ашық үкімет порталында «ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы жария талқыға шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан», - деп жазылған қаулы жобасында.

Индустрия министрлігінің мәліметінше, аталған бастаманы Қазақстан азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.