«Алтын Емел» ұлттық паркінен Іле-Балқаш резерватына алғаш рет құландар жеткізілді

«Алтын Емел» ұлттық паркінен Іле-Балқаш резерватына алғаш рет құландар жеткізілді

Шамамен 50 бас құлан жеткізілді. 

«Алтын-Емел» ұлттық паркінен "Іле-Балқаш" резерватына алғаш рет құландар жеткізілді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚазТагқа сілтеме жасап.  

«Алтын-Емел ұлттық паркінен «Іле-Балқаш» резерватына шамамен 50 бас құлан жеткізілді. Олардың ортаға бейімделуі жұмсақ түрде өтуі үшін жануарлар аумағы 22 гектар болатын арнайы қоршауға орналастырылды. Ол жерде шамамен 5-7 ай уақытқа дейін болады, одан кейін тұяқтылар табиғи ортаға жіберілмек», – делінген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сонымен қатар, аталмыш аумаққа тағы да бұқар бұғылары әкелінді. Резерват аумағына бұғыларды жерсіндіру 2018 жылы басталған болатын – сол жылы алғаш рет 5 тұяқты қоршау ішіне жіберілген. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ 2019 жылы 17 бас, 2020 жылы 30 бас, 2021 жылы 53 бас және биыл 54 бас бұғымен толықты, оның 15-і қазіргі таңда қоршауға жіберілген. 

Қызыл кітапқа енген жануарлардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында әр қоршау ішіне 2 фототұзақтан орнатылған.