Жастарға арналған 2,5% несие қашан беріледі?

Жастарға арналған 2,5% несие қашан беріледі?
Сурет: Aikyn.kz

Несие "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы берілетін болады.

Бұл бағдарламаға 29 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, жастарға арналған 2,5 пайыздық микронесие беру бағдарламасы наурыз айында басталады.

"Бағдарлама наурыз айында басталады. Қазіргі кезде әкімдіктермен келісімшартқа қол қою процесі жүргізілуде", - деді вице-министр тілшінің сауалына берген жауабында.

Олжас Ордабаевтың айтуынша, микронесиелеу бағдарламасына 29 млрд теңге бөлінген.

"Бұл 5,8 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн теңге. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін болуы мүмкін. Бұл қызмет бағыты үшін 7 жылға дейін болады", - деп атап өтті ол.

ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Айжан Жапалбаеваның сөзінше, кепілдікке жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылады.