Елімізде автобус парктеріне пандусы бар қоғамдық көлік сатып алу міндеттелмек

Елімізде автобус парктеріне пандусы бар қоғамдық көлік сатып алу міндеттелмек
Сурет: Astana-akshamy.kz

Мүгедектердің мүмкіндігі артады.

Оларды ертіп жүретіндердің шығыны 70 пайызға өтеледі. Шипажайға берілген тегін жолдаманы пайдалана алмайтындардың саны да азаяды. Сондай-ақ автобус парктері пандустары бар қоғамдық көліктер сатып алуға міндеттеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

I және II топтағылармен қоса III топтағы мүгедектерге де нотариус қызметі тегін болады. Олардың мүгедектігін анықтау бойынша сараптама сырттай жүргізіледі.

«Заң жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау мен қолдау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған. Сенаторлар бұл бағытты үнемі назарда ұстап, тиісті заңнамалық жұмысты әрі қарай жалғастыра береді», - деді Мәулен Әшімбаев.