Елімізде әскери техника мен қосалқы бөлшектерді сатып алу ережесі өзгереді

Елімізде әскери техника мен қосалқы бөлшектерді сатып алу ережесі өзгереді
Сурет: 24.kz

Бүгін Сенат депутаттары тиісті заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады.

Құжатта қосалқы бөлшектерді сатып алу рәсімін оңайлату және оларды мемлекеттік сатып алу рәсімі арқылы өткізу ұсынылған, депе хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша қару-жарақ пен әскери техниканы жедел қалпына келтіру жеңілдейді. Қазір елімізде Түркия, Қытай, Сербия және Ресейден келетін жарақтар пайдаланылады.

«Мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарының жартысына жуығын қорғаныс өндірістік кешені орындайды. Қалғаны шетелдік тапсырыстар. Бұл бізде өндірілмейтін жоғары технологиялы өнімдер. Бір бөлігі көрші ел - Ресейден де келеді. Өйткені біздегі инфрақұрылым кеңес кезінен келе жатыр. Ескі техникаларды жөндеу жабдықтары тек Ресейде өндіріледі», - дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Сыдықов.