Елімізде 4 мыңға жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 4 мыңға жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж
Сурет: Transplant.kz

Донор мәселесі тиісті деңгейге жетпей жатыр.

Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол қызметіне кірісе салысымен бірінші кезекте трансплантология мәселесіне назар аударатынын айтты. Бұл проблеманы Сенат мінберінде бұған дейін де бірнеше мәрте көтергенін айтады. Сонымен қатар медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейтуді қолға алмақ. Бұл бағыт неғұрлым күшті болса, аурушаңдық пен өлім-жітім азаяды, - дейді министр.

«Мәйіттік донорлық қарастырылған Қазақстанда. Заң қабылдағанда халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған жүйе. Бұл жүйені дұрыс жолға қою үшін қайта тарифтерді көтеруіміз керек. Бірнеше сатыдан тұратын жұмыс болады деп ойлаймын. Бұл жерде халықтың келісімін алмай, ол үшін халық та, қоғам да оған дайын болуы керек», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.