Елдос ҚАНАЕВ, әнші: Біз халықпен біргеміз

Елдос ҚАНАЕВ, әнші:  Біз халықпен біргеміз
Суретті түсірген -Досбол Атажан

Еліміздің біраз өңіріндегі су тасқыны баршаны алаңдатып отыр. Мемлекет басшысы бүгінгі үндеуінде атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін шұғыл түрде нақты тапсырмалар берілгенін және барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Қарғын су тұрғын үйлерді басып, жолдарды шайып, мыңдаған мал қорада қалып, суға тұншығып мерт болып, тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланып жатыр. АЛЛА сабыр берсін. Құранда “әр қиындықтың соңында бір жеңілдік келеді” делінген еді.

Сол үшін бұның артында да бір жақсылық болады. Біз халықпен біргеміз.

Бұндай жағдайда сабырлық жеңеді. Сол себептен ел болып бірігіп, бірлігіміз арттырсақ.