Елдің оңтүстігінде теракт жасамақ болған шетелдік ұсталды

Елдің оңтүстігінде теракт жасамақ болған шетелдік ұсталды
Сурет: Zakon.kz

Осындай фактілер бойынша жалпы 19 адам қолға түскен.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің оңтүстігінде теракт ұйымдастырмақ болған шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы жылдың басында ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері Қазақстанның оңтүстігінде қолдан жасалған жарылғышпен террористік акт жасамақ болған шетелдіктің жолын кесті.

Сондай-ақ Астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топ құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

"Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлайды ҰҚК.