Ел ішінде экотуристер саны 2 есе артқан

Ел ішінде экотуристер саны 2 есе артқан
Сурет: Baq.kz

 2020 жылы олардың саны 985 мың болса, 2022 жылдың соңында 2 млн-ға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандар «бұл - экотуризм мәдениетінің қалыптасқанын көрсететеді»,- дейді. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарындағы жаңа туристік нысандар осы саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп санайды.

Визит-орталықтарда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері туралы ақпарат беріледі. Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әр түрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар түнгі сағат 22.00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері оларды іздеуді бастайды.