Экологиялық тексеріс

Экологиялық тексеріс
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының хаттамалық тапсырмасына сәйкес 31 шілдеден бастап 5 тамызға дейін рейдттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында от жағу, жерді бүлдірмеу мақсатында тексеріс жүргізілді. Экология және қоршаған орта басқармасы, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметікерлері және жылжымалы эко пост қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік барысында автокөліктердің шығарындыларда ластағыш заттары бойынша 35 автокөлік тексерілді.

Рейдттік іс-шаралар барысында 15 хаттама толтырылып, жалпы салынған  айыппұлдардың сомасы 110 АЕК 379 500 тг салынды. Сондай-ақ, көріктендіру ережелерін бұзу 12 фактісі анықталған.

Бұдан бөлек, инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» бойынша 12 хаттама толтырылып, жалпы салынған  айыппұлдардың сомасы 120 АЕК 414 000 тг.

Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында рейдтік ісшара өткізіліп халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілген, демалушылардың арасында  ұлттық парк аумағында от жағу фактісі анықталды, ҚР ӘҚБТК- тің 367-бабына сәйкес «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережелерді бұзу» бойынша 100 АЕК 345 000 тг салынған.

Мамандардың айтуынша, жылдың соңына дейін рейдттік іс-шаралар жалғасады.

Алматы қаласы бойынша экология департаменті азаматтарды біздің табиғатымызға ұқыпты қарауға шақырады.