Екі ел арасында меморандум жасалды

Екі ел арасында меморандум жасалды
Сурет: Polisia.kz

ІІМ Алматы академиясы мен Үндістанның ұлттық қауіпсіздік университеті арасында меморандум жасалды.

ІІМ Алматы академиясы Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік университетінің өкілдерін қарсы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Келу барысында екі жоғары оқу мекемесі арасында киберқауіпсіздік және ақпараттық жүйелер саласында келісім жасалды.

Енді екі елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны ақпаратты қорғау, киберқылмыстарды ашу мен алдын алу және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. Қарсы алу қонақтарды қазақ мәдениетімен таныстырудан басталып, бұл әсерлі сәт бірден идеялар мен ақпарат алмасуды жалғастыру үшін жылы әрі қонақжай атмосфера тудырды. Кездесудің іскерлік бөлімі дәстүрлі түрде академияға шағын экскурсия жасаудан басталып, қонақтар ІІМ Алматы академиясының бай тарихы жинақталған музейде болып, Киберполигон мен карталар мұражайымен танысты.