ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран арасында келіссөз өтті

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран арасында келіссөз өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Тараптар арасындағы тарифтік мәміленің параметрлерін талқылады

Тегеран қаласында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің 6-раунды өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Келіссөздерге Қазақстан тарапынан Сауда және интеграция және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысуда. ЕАЭО делегациясының құрамында қатысушылар құжаттың мазмұнын және мүдделі тараптар арасындағы тарифтік мәміленің параметрлерін талқылады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран арасында еркін сауда аймағын қалыптастыру және тауарлардың көптеген түрлерінің бажсыз саудасы үшін жағдайлар жасалуы мүмкін. 

Кезекті раундтың қорытындысы бойынша тараптар екі елдің нарықтарына қол жеткізудің өзара тиімді шарттарын қамтамасыз ету үшін тарифтік бөлімді оңтайландыруды қоса алғанда, келісімнің мазмұнын пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.