Алматыда 1-4 сынып оқушылары арасында аспаздық байқауы өтіп жатыр

Алматыда 1-4 сынып оқушылары арасында аспаздық байқауы өтіп жатыр
Сурет: 24kz

Байқау жыл соңына дейін жалғасады

Мұнда әр мектептің балалары асханада өз қолдарымен ас әзірлейді. Ең басты талап – тағам табиғи азық-түліктен жасалуы тиіс.  

«Балаларға дұрыс тамақтану әдеттерін ерте жастан үйретсек, олар фаст-фуд сататын орындардан аулақ жүреді, бұл ата-аналардың да зиянды тағамдардан бас тартуына әсер етеді», - дейді мамандар. 

Аспаздар байқауы жыл соңына дейін жалғасады. 

«Балалар асты өте жоғары қызығушылықпен дайындады. Құрамына қосылған азық-түліктің пайдасын да жетік біледі. Аспаздықтың басы - пышақты дұрыс ұстаудан басталады. Тағам дайындау барысында балалардың ебі барын байқадық. Солақай қыздарымыз да сыннан сүрінбеді. Ең бастысы олар пайдалы және зиян тағамдар туралы ақпарат алды»,- дейді аспаз Оксана Гальцова.

Біз достармен жақсы тағамды жейміз. Біз чипсы және газдалған сусындарды жемейміз, ішпейміз, - дейді оқушы Әнел Мұратбек.