Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

Дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Тұман, көктайғақ, жауын  

"Қазгидромет" 13 ақпан күні болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дүйсенбі күні шығыс аймақтарда қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ батыс аймақтар мен ҚР оңтүстігінің таулы аудандарында жаңбыр және қар еріп жауады. Оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.