Бостандық ауданында 80 аулаға күрделі жөндеу жүргізіледі

Бостандық ауданында 80 аулаға күрделі жөндеу жүргізіледі
oleg-24.livejournal.com

Биыл «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы аясында 800 млн. теңгеге 21 жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бүгінгі күні 11 объектінің жұмыстары басталды, 10 жоба бойынша шарт жасалуда. Барлық жобалар 1 қарашаға дейін аяқталады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 80 аулаға күрделі жөндеу жүргізіледі. Тұрғындардың өтініштері бойынша Үлкен Алматы өзенінің жағалауына жарық жүргізілді, онда 165 тірек орнатылып, Торайғыров көшесінен Абай даңғылына дейін 5,4 шақырым желі тартылды.

Аудан бойынша су басудың 6 учаскесі анықталды, олар ағымдағы жылдың соңына дейін жасалатын болады. Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін 60 шақырым арық желілері қайта жаңартылып және салынады.