«Думан» шағын ауданында жаңа емхана салынады

«Думан» шағын ауданында жаңа емхана салынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Емхана 500 келушіні қабылдай алады.

Сонымен қатар №4 жедел жәрдем подстанциясының ғимараты модернизацияланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамту көлемін арттыру мақсатында 2024 жылы жоспарланған шаралар:

- «Думан» шағын ауданында 500 келушіні қабылдайтын жаңа емхана салу. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуы - 2024 жылдың II-ші тоқсаны;

- «Алатау» шағын ауданындағы 150 келушіні қабылдайтын «Алатау» қалалық ауруханасының ғимаратын сейсмикалық күшейте отырып, реконструкциялау. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуы - 2024 жылдың II-ші тоқсаны;

- №4 жедел жәрдем подстанциясының ғимаратын модернизациялау. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуы - 2024 жылдың II-ші тоқсаны.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында ағымдағы жылы 3 ұйымда күрделі жөндеу жоспарланған: қалалық мамандандырылған балалар үйі, жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешені және №17 жалпы білім беретін мектеп-интернат.

Әкімдік спортты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударады. Сонымен, «Алатау» шағын ауданында  осы жылы 7 ақпанда тәулігіне 600 адамның өткізу қабілеті бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің техникалық іске қосылуы өтті.