Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
сурет: Aikyn.kz

Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды  

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

«Іс-шара барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық азамат облыс орталығында қолға түсті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігімен (қарақшылық) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.