Донбаста жалпыға бірдей мобилизация жарияланды

Донбаста жалпыға бірдей мобилизация жарияланды
Cурет: Кадрдан алынды

Аймақтарда 18  бен 55 жас аралығындағы ер азаматтардың аумақты тастап шығуына тыйым салынды

Өзін өзі жариялаған Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасы жалпыға бірдей мобилизация жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Танылмаған республикалар басшылығының мәлімдеуінше, шара Укарина әскері тарапынан төнген қауіпке байланысты қолға алынған. Аймақтарда 18  бен 55 жас аралығындағы ер азаматтардың аумақты тастап шығуына тыйым салынды. Атқарушы билікке қорғаныс үшін тұрғындардың қозғалыс құралдары мен мүлкін пайдалануға рұқсат етілген. 

Ал Украинадағы билеуші партия «Донецк пен Луганскке ешқандай шабуыл жасау туралы жоспар жоқ» деп мәлімдеді және «бұл аймақтардан тұрғындарды көшіру заңсыз» деп отыр.