Доллар қайта көтерілді

Доллар қайта көтерілді
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,37 теңгеге қымбаттап, 459,91 теңге болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,21 теңге (-0,08) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 495,71 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460,3-462,3 теңге, еуро 495,5-498,5 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрын арзандаған соң 7 желтоқсандағы саудада қайта көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 0,65%-ға өсіп, барреліне 74,78 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,63%-ға қымбаттап, 69,82 доллар болды.