Доллар бағамы өсті

Доллар бағамы өсті
Сурет: Еgemen.kz

6,98 теңгеге қымбаттаған.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,98 теңгеге көтеріліп, 472,20 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26 тамыздағы ресми бағамы - 465,05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 474,53 теңге, сату – 479,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,05 теңгеден сатып алынып, 476,32 теңгеден сатылып жатыр.