Алматы облысында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Алматы облысында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Сурет: Olympic.kz

Қазақстан чемпионаты 17 қазанға дейін жалғасады. 

Отандық спортшылар садақ атудан өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күндері Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» спорт базасында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Кіл мықтылар арасында өтіп жатқан бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық спортшы қатысуда.