Дипломда жаңа код пайда болды

Дипломда жаңа код пайда болды
Сурет: ашық дереккөз
Биыл 140 мыңнан астам қазақстандық колледж түлегі QR коды бар диплом алады. Бұл туралы ҚР Білім министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

zakon.kz-тің мәліметіне сүйенсек,  ведомствода атап өткендей, мұндай жаңашылдық, бір жағынан, дипломдарды жалғандықтан қорғауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, дипломның шынайылығын жұмыс берушілер тарапынан бірден тексеруге мүмкіндік береді.

«QR коды дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді – ол мемлекеттік веб-ресурсқа сілтеме береді, онда меншік иесі, оқу орны және мемлекеттік Ұлттық білім беру деректер базасынан құжаттың деректемелері көрсетіледі. QR коды бітірушінің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі ақпаратты қамтиды: бітірушінің толық аты-жөні, ұйымның атауы, оқуға түсу/бітіру жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқу нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі», -деді білім вице-министрі Айбат Ілиясов

Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі 2023 жылдың 6 шілдесінен бастап ағымдағы жылы берілген ТжКБ дипломдары да электронды үкіметтің жеке кабинетіндегі цифрлық құжаттар қызметі арқылы цифрлық жеке куәліктер мен жүргізуші куәліктері сияқты цифрлық форматта мобильдік үкімет порталында және eGov мобильді қосымшасында қолжетімді болатынын хабарлады. Сондай-ақ интеграция болған жағдайда екінші деңгейлі банктердің өтінімдері арқылы.

Түлектерге «eGov Mobile» арқылы QR коды арқылы цифрлық дипломға қолжетімділікті ашу немесе қол жетімді ақпаратты цифрлық түрде ұйымдар мен жеке тұлғаларға беру мүмкіндігі беріледі. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде жоғары оқу орындарын бітіргені туралы дипломдарды беруде қолданылады.