Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы өмірден өтті

Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы өмірден өтті
Сурет: instagram.com/museumkunaev

Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова дүниеден озды. Бұл туралы Дінмұхамед Қонаев музейі әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

"Д.А. Қонаев музей ұжымы Дінмұхамед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды! Туыс -туғандарына қаймыға көңіл айтамыз", - деп жазды музей ұжымы.