Димаштың бейнебаяны Чехияда бесінші апта қатарынан бірінші орында тұр

Димаштың бейнебаяны Чехияда бесінші апта қатарынан бірінші орында тұр
Сурет: Sputnik.kz

Чех музыкалық телеарнасы OCKO.TV Димаш пен Әбілмансұр Құдайбергеннің «Together» бейнебаянын ТОП-20 үздік музыкалық бейнелердің дауыс беру тізіміне енгізді.

Dimashnews.com-ның ақпаратынша, бесінші апта қатарынан клип бірінші орында келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Чехиядағы алғашқы «ÓČKO» музыкалық телеарнасы 2002 жылдың 1 қазанында эфирге шыға бастады. Телебағдарламаның негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптері құрайды. Сондай-ақ, арна эфирінде концерттер мен ән шарттары көрсетіледі.

Димаш Құдайберген алғаш рет Чехия телеарнасында 2021 жылдың 10 ақпанында өзінің «Golden» музыкалық бейнебаянымен таныстырылды.