Өңірлерге барған мұғалімдердің жалақысы екі есе жоғары болады - Министр

Өңірлерге барған мұғалімдердің жалақысы екі есе жоғары болады - Министр Сурет: Elorda.info

Министрлік кадр тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешуге кірісті


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшы өңірлерге барған ұстаздардың жалақысы екі есе жоғары болатынын айтты. Министрдің айтуынша, қазір Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстарында мұғалім тапшылығы қатты сезіледі. Кадр жетіспеушілігін шешу үшін министрлік арнайы бағдарлама қабылданып, оған тиісті қаржы бөлініп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 



«Біріншіден, мұғалім тапшылығы бар өңірлерге барған әріптестеріміздің жалақысы екі есе көп болады. Бірақ оларға КРІ ретінде көрсеткіштер қойылады. Екіншіден, оларға жұмыс істеген уақытта баспана беріледі, үйдің коммуналдық шығындарын мемлекет өтейді. Осылайша ең үлкен тапшылық бар өңірлердегі мәселені шешіп жатырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында.



Оның айтуынша, қаражат республкалық трансферттер есебінен бағытталады.



«Яғни, бұл – мақсатты трансферттер. Ақша жергілікті бюджетке жіберіледі. Кейін ол арнайы конкурстан өтіп, өңірге сабақ беруге келген мұғалімдерге төленеді», - деді министр.



Сондай-ақ ол мұғалімдер тапшылығы оқушылар санының өсуінен болып отырғанын айтты.



«Он жыл ішінде мектепте оқитын балалар саны бір миллионға жуық артты. Ол дегеніміз мұғалімдер саны да өсіп жатыр дегенді білдіреді. Енді 2025 жылға дейін бізге тағы 100 мың мұғалім қажет болады. Бізге жаңа мектептер қажет, ал жаңа мектептерге жаңа мұғалімдер керек. Бір мектеп ашылғанда орташа есеппен 150-200 мұғалім қажет болады. Соған байланысты осындай мәселе туындап жатыр», – деді министр.



Оның мәлімдеуінше, кадр тапшылығы мәселесі бұған дейін де болған. Қазір министрлік проблеманы жүйелі түрде шешуге кіріскен.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10