Демалыс күндері Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады

Демалыс күндері Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Community.snapwire.co

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. 

«Қазгидромет» мамандары 15-17 қазан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Синоптиктердің божамы бойынша, циклон жырасының әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуімен, демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. 

«Атлантикалық аймақтардан антициклонның енуімен ауа температурасының біртіндеп төмендеуі және жаңа аптаның басы қарай жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттармен осы аптаның соңына дейін жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің шығысында, солтүстігінде, батысында тұман, солтүстігінде көктайғақ болжанады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 

Қазақстанның батысында түнде 10 градус жылы - 3 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 8-15 градус, оңтүстік-батыста 20 градус жылыға дейін жоғарылайды; солтүстікте, елдің орталығында түнгі уақытта 8 градус жылы - 3 градус аязға дейін, күндіз 5-14 градус жылыға дейін төмендейді; шығыста негізгі фон түнде 8 градус жылы - 5 градус аяз, күндіз 10-21 градус жылыға дейін төмендейді; республиканың оңтүстігінде түнде 0-11 градус жылыға дейін, күндіз 15-23 градус жылыға дейін төмендейді; оңтүстік-шығыста түнде негізгі фон 3-12 градус жылы, таулы аймақтарда 3 градус жылы – 5 градус аязға дейін, күндіз 7-20 градус жылыға дейін төмендейді.