Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Бірқатар тағайындау болды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен бірқатар тағайындау болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды;

Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.