Қазақстанда энергия тұтыну көлемі артқан

Қазақстанда энергия тұтыну көлемі артқан
Сурет: Vedomosti-spb.ru

Энергия ресурстарының тапшылығы туралы ойлана бастау қажет.

Қазақстандықтар Еуропаның дамыған елдеріндегі азаматтармен салыстырғанда, энергияны орташа есеппен үш есе көп тұтынады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының мамандары айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, дамыған елдерде энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы болып табылады. Мәселен, Халықаралық энергетика агенттігінің деректері бойынша, соңғы 5 жылда Қазақстанда энергия тұтыну көлемі 27 пайызға артқан.

«Қазақстандағы тұрғын үйлер Еуропаның дамыған елдеріне қарағанда орташа есеппен үш есе көп энергия тұтынады. Барлық факторлар мен тәуекелдерді ескере отырып, қазірдің өзінде энергия ресурстарының тапшылығы туралы ойлана бастауымыз қажет», - дейді ҚР ИИДМ Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының мамандары.