Дәрі-дәрмек қымбаттады

Дәрі-дәрмек қымбаттады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 13,6%-ға өсті. 

Жыл басынан бері дәрі-дәрмек өндірісі 17 млрд теңгеге жеткен. Оның 15,7 млрд теңгесі дәрі-дәрмектерге, 1,3 млрд теңгесі басқа фармацевтикалық препараттарға тиесілі, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда, дәрі-дәрмек өндірісі ақшалай 61,3%-ға (және нақты мәнде 57,3% - ға), басқа фармацевтикалық препараттар-22,9%-ға өсті (алайда мұнда нақты өсім небәрі 0,1%-ды құраған).   

Жалпы, өткен жылы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 142 млрд теңгені құраса, 2021 жылғы қаңтар–желтоқсан айларымен салыстырғанда құндық мәнде 4,5%-ға аз. Ал басқа фармацевтикалық препараттар өндірісі бірден 2,4 есеге, яғни 17,9 млрд теңгеге дейін азайған.

Антибиотик секілді фармацевтикалық препараттардың осындай маңызды сегментінде отандық компаниялар сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) биыл 18,4%-ға қамтамасыз етті.  Аталған көрсеткіш 2021 жылы 14,8%-ды құраған болатын. Сектордағы өндіріс бір жыл ішінде бір жарым есеге, 2022 жылдың қаңтар–желтоқсанында 14,1 тоннаға дейін жоғарылады.

Антибиотиктердің импорты бірден 15,2%-ға, яғни 62,4 тоннаға дейін өсті. Ал, антибиотиктерді сату ішкі нарықта 20,4%-ға өсіп, 76,5 тоннаны құрады.

Провитаминдер, дәрумендерге келетін болсақ, іс жүзінде бұл нарық республикада импорт есебінен толық жабылған. Отандық фармацевтикалық компаниялар 2022 жылы тек 0,1 тонна өнім өндірген. Аталған көрсеткіш 2021 жылмен бірдей және сұраныстың 0,03% ғана. Бұл ретте сектордағы импорт 307 тонна препаратты құраған. Осылайша бір жарым есеге артқан. Қазақстаннан шығарылған провитаминдер мен дәрумендердің экспорты (бұл жағдайда–реэкспорт) бір жылда 2,7 есеге қысқарып, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 3,8 тоннаны жеткен. Нәтижесінде, ішкі нарықта сату көлемі бір жарым есеге өсіп, 303,3 тоннаға жетті.

Фармацевтикалық өнімнің бағасы 2023 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша бір айда 1,2%-ға өсті.

Өткен жылы фармацевтикалық өнім бағасының ең елеулі айлық өсуі наурыз және сәуір айларында (1,7%-ға), одан кейін қазан айына (1,6%-ға) сәйкес келген еді.

Жылдық динамикада фармацевтикалық өнім 13,6%-ға қымбаттады, бұл - 2017 жылдың қаңтарынан бергі жылдық өсімнің ең жоғары көрсеткіші.

Өңірлік бөліністе биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімнің жылдық қымбаттауы Алматы облысында 7,2%, Алматыда 21,2%-ға дейін өзгерді. Маңғыстау (18,3%-ға), Солтүстік Қазақстан (15,4%-ға) және Қызылорда (15,3%-ға) облыстарында да айтарлықтай өсім байқалды.