COVID-тан төрт науқас өте ауыр халде жатыр

Бір күн бұрын 93 науқас тіркелген болатын.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 98 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 24 ақпандағы мәлімет бойынша 1 635 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 99 пациент стационарда, 1 536 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 407 632 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.