COVID -19: әлемдегі эпидахуал

COVID -19: әлемдегі эпидахуал
Сурет: Iz.ru

Жаңа жылдың басында Қазақстанда жаңа штамға байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін.

Үндістан қаңтар айында 15 жастан асқан жасөспірімдерге COVID вакцинациясын бастайды. Бұл туралы премьер Нарендра Моди айтты. Сондай-ақ, ол жақында Үндістанда мұрынға арналған коронавирус вакцинасы және әлемдегі алғашқы ДНҚ вакцинасы қолданысқа енгізілетінін айтты. Үндістанда ересек тұрғындардың 61%-толық егілді.

Израиль «омикрон» штамына байланысты сауда орталығының жұмысына қосымша шектеулер енгізді. Келушілер саны бойынша лимиттер қайта енгізілді, ауданы 100 шаршы метрден асатын дүкендерге кіру жасыл рұқсатнаманы ұсынғаннан кейін ғана мүмкін болады. Жаңа нұсқамалардың орындалуын бақылау 28 желтоқсанда басталады.

Сингапурда 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға COVID-19 вакцинациясы басталды. Жалпы алғанда, қала-мемлекет аумағында күніне мың балаға дейін қызмет көрсететін 15 мамандандырылған орталық ашылды. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі вакциналанбаған балаларға шектеулер енгізу жоспарлары жоқ екенін түсіндірді.