COVID-19: Қазақстанда қатаң шектеу, Словакия екпе алғанға €100 мың бермек

COVID-19: Қазақстанда қатаң шектеу, Словакия екпе алғанға €100 мың бермек
Сурет: Мeinbezirk.at

Бүгіннен бастап Қазақстанның бес қаласы – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыда Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. 

Сонымен қатар, бұл қалаларда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бұл - еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың тым нашарлап кеткендігіне байланысты қабылданған қаулының нәтижесінде енгізілген шектеу. 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дүние жүзінің мемлекеттеріндегі ковидтік жағдайдың қандай екеніне шолу жасады. 

Үндістанда коронавирустық инфекцияға шалдыққандар 32 миллионға жуықтады. Елдегі COVID-19 инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны 31 655 824-ке жетті. Бір тәулікте коронавирустың жаңа түрінің 41 831 жағдайы расталды. 541 науқас инфекциядан қайтыс болды. Осы уақытқа дейін COVID-19 эпидемиясы 424 351 адамның өмірін қиды. 

Ресейде пандемия басталғаннан бері инфекцияның 6 288 677 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 22 804 жағдай анықталып, 789 адам қайтыс болды. Сарапшылар анықталған инфекция жұқтыру жағдайларының саны төмендеп келе жатқанын, бірақ өлім-жітім көрсеткіші әлі де жоғары деңгейде екенін айтады. Ресейдің туристік аймақтары КВИ-ге қарсы қатаң ережелер енгізуде. Кубаньдағы қонақ үйлер тек вакциналанған немесе жуық арада COVID-19 вирусымен ауырып, жазылған туристерді ғана қабылдайды. Сондай-ақ қонақ үйге алдағы үш күнде вакцинадан өтуге ерікті түрде келісім берген саяхатшылардың қоныстануына да рұқсат беріледі.

Бүгінгі таңда Филиппинде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 8 735 жағдайы анықталды. Елде тіркелген науқастардың жалпы саны 1 597 689-ға жетті, ал эпидемия құрбандары бойынша көрсеткіш 28 016-ны құрап отыр. Үш күн қатарынан архипелагта аурудың күнделікті өсуі 8000-нан асады. КВИ-дің таралуына қарсы тұру үшін Филиппиннің Ұлттық полициясы адамдардың ел астанасына кіруге және одан шығуына шектеу қою үшін провинциялармен шекараларда қатаң бақылауды жүзеге асыра бастады.

Ұлыбританияда SARS-COV-2 жұқтырған жағдайлардың саны 5,4 миллион адамнан асты. Соңғы тәулікте 24 мыңнан астам SARS-CoV-2 тасымалдаушысы анықталды. Бұл бірнеше күн бұрынғы көрсеткіштерден сәл төмен, дегенмен коронавирустық инфекцияның таралу жылдамдығы бәсеңдеген жоқ. 01.08.2021 ж. жағдай бойынша COVID-19 бойынша расталған жағдайлардың саны 5 856 197-ге жетті. Сонымен қатар вирус салдарынан көз жұму жағдайларының саны 129 654 адамды құрады.

Кипр вакцина алмаған тұрғындар мен туристерге жаңа шектеулер енгізді. 1 тамыздан бастап аралда SafePass антиковидтік сертификаттардың қолданылу аймағы кеңейеді. Енді олар 10-нан астам адам жиналатын немесе гипотетикалық түрде жиналуы ықтимал барлық үй-жайларда ұсынылуы керек.

Словакияда тұрғындарды коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға ынталандыру үшін лотерея өткізіле басталды. Лотерея апта сайын қазан айының соңына дейін өткізіледі. Әр ұтыс ойынының жүлде қоры €2 млн. Максималды ұтыс сомасы — €100 мың, минималды — €1 мың. 
Малайзияда коронавирус жұқтырудың тәуліктік өсімі бойынша антирекорд орнатылды -17 786 жағдай анықталды. Сонымен қатар Жапонияда инфекцияның тәуліктік жоғары көрсеткіші жаңартылды, 12 343 дерек расталды.

Чилиде коронавирус таралуының төмендеуі тіркелді. Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың 1 152 жағдайы тіркелді. Денсаулық сақтау министрі Энрике Паристің айтуынша, бұл - пандемия басталғалы ең төмен көрсеткіш. Қабылданған шектеулер мен вакцинацияның арқасында қазір Чили COVID-19 таралуы мен ауруханаға жатқызудың ең төменгі деңгейіне қол жеткізді. Жалпы алғанда, елде 1 615 771 ауру жағдайы тіркеліп, 35 448 адам көз жұмды. 

Францияның Кариб теңізіндегі  Мартиника аралында COVID-19 таралуының көбеюіне байланысты локудаун жарияланды. Жергілікті ауруханалар толып, науқастар Парижге жіберіле бастады. Инфекция санының күрт өсуіне байланысты Үнді мұхитындағы тағы бір француз аралы – Реюньонда да  жағдай ушығып, шектеу шаралары күшейді.  Мұның басты себебі, бұл өңірлерде вакцинация деңгейі ел бойынша ең төменгі деңгейде.

Қытайдың 10-нан астам аймағында коронавирустың өршуі тіркелді. SARS-CoV-2 коронавирусының жергілікті ошақтарының тез таралуы соңғы бірнеше күнде елдің материктегі 14 провинциясында тіркелді. Науқастардың 25% -ы коронавирусты ел аумағында жұқтырғаны анықталды. Ең ушыққан эпидемиологиялық жағдай Цзянсу провинциясында тіркелді, онда COVID-19 инфекциясының 245 жағдайы анықталды. 

Уганда Қытай Халық Республикасынан COVID-19 вакцинасының қайырымдылық партиясын алды. Вакцинаны беру кезінде елші Чжан Личжун Қытай мен Уганда халықтары коронавирустық індетке қарсы күресте бір-біріне өзара көмек және моральдық қолдау көрсететінін атап өтті. Эпидемия басталғаннан бері ҚХР үкіметі Уганда тарапына бірнеше рет эпидемияға қарсы көмек көрсетті, бұл вирусқа қарсы тиімді әрекет етуге жол ашты.