727 мыңнан астам алматылық екпе салдырған

727 мыңнан астам алматылық екпе салдырған
Сурет: Vlast.kz

COVID-19 қарсы вакцина алушылардың саны артып келеді.

2021 жылғы 2 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 429 636 адам салдырған, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 429 636 адам салдырған, 2-ші компонентін 3 837 063 адам салдырған.