Чилиде жасы 6-дан асқан балаларға вакцина салынады

Чилиде жасы 6-дан асқан балаларға вакцина салынады
obvk.kz

Чили билігі жасы 6-дан асқан балаларға Қытайдың «Синовак» компаниясы шығарған «Коронавак» вакцинасын салады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Мұндай шешім Латын Америка елдерінде алғаш рет қабылданды. Жаңа шараны талқылаған жергілікті Халық денсаулығы институтында 6 маманның біреуі қарсы болып, қалғаны қолдап, дауыс берген.

Енді Денсаулық сақтау министрлігі вакциналаудың басталатын күні мен тәртібін айқындауы тиіс. Чили қазірге дейін ересек тұрғындардың 75 пайызына вакцина салып үлгерген. «Синовак» екпесі сыналған зерттеуге 3 пен 17 жас аралығындағы 4 мың бала қатысқан.

Айта кетейік, АҚШ, Канада, Сингапур және Гонконг 12 жастағы балаларға «Файзер» препаратын қолдануға рұқсат берген болатын.