БҮГІН – АБАЙ КҮНІ. ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК ШАМШЫРАҒЫ

БҮГІН – АБАЙ КҮНІ. ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК ШАМШЫРАҒЫ
Spectr.com.kz

«Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы... Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет».

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

(«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып бекітілгені белгілі. Абай күні, яғни ұлы Абай Құнанбайұлының туған күні – ұлттық, жалпыхалықтық мереке ретінде Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енді.

Бүгінде ғалымдар тұжырымдап жүргендей, Қазақ Елі ұлы хакім армандаған мұраттарды ХХІ ғасыр биігінде толықтай жүзеге асырды деп мақтанышпен айта аламыз.

Бұл – «біріңді қазақ, бірің дос...» деп ұлтты ұйысуға үндейтін, күллі Алаш жұртын бірлікке жұмылдыратын ұранды ортаға тастар ұлағатты да тағылымды күн, қастерлі дата! Елбасы аманаттаған «Рухани жаңғырудың» бірегей оқиғасы!

Абай күні құтты болсын, ағайын!