БЖЗҚ салымшыларына 196 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

БЖЗҚ салымшыларына 196 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Сурет: 24.kz

Қордың сотқа дейінгі талап арызына сәйкес, «Jusan Ventures» ЖШС акциялар құнындағы айырмашылықты төлейді. 

БЖЗҚ салымшыларының шотына 196 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қосымша ақы сомасы сот белгілеген акциялар құны мен бұрын төленген әрбір акция бағасының айырмасы негізінде әр акция үшін 2 547 теңге мөлшерінде деп белгіленді. Нәтижесінде 196 304 931 теңге БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының зейнетақы активтері есебіне аударылды.