Бұл жолы «Астананың» жолы болмады

Бұл жолы «Астананың» жолы болмады
almaty-akshamy.kz

«Астана» қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Загреб» (Хорватия) командасымен кездесті.

Хорватиялық клуб - тәжірибелі ұжымдардың бірі. 1990 жылдан бері өз елінде 24 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Еурокубок ойындарына бірнеше мәрте қатысқан.

Сондықтан «Астана» үшін бұл кездесу оңайға соқпайтыны белгілі еді. Нәтижесінде олардың қатарынан Бруно Петкович 38-минутта есеп ашса, одан кейін Лука Иванушеец 41, 43, 56-минуттарда үш мәрте мергендік танытты. Осылайша «Астана» қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамызға белгіленген.

Жеңімпаз ұжым үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен шеберлік байқасады. Ойын 9 және 15 тамыз күндері болады.