Бүгін жеті қалада атмосфералық ауаның сапасы нашарлайды

Бүгін жеті қалада атмосфералық ауаның сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дерекөз

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 қараша, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал