Бүгін үш қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады

Бүгін үш қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады
Сурет: ашық дереккөз

15 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 15 тамыз, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Алматы қалаларында, ал түнде Атырауда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.