Бүгін Қырғызстан Тәуелсіздік күнін атап өтуде

Бүгін Қырғызстан Тәуелсіздік күнін атап өтуде
Сурет: Centralasiaprogram.org

31 тамыз – Қырғызстан Тәуелсіздігінің күні.

1991 жылы бұл күні Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация» туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz.

Осы тарихи құжатқа сәйкес, Қырғыз Республикасы тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекет болып жарияланды.

«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларацияның» қабылдануы - Қырғыз Республикасының жаңа тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанының белгісі. 
1993 жылғы 5 мамырда тәуелсіз мемлекет ретінде Қырғыз Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды.

Негізгі Заңда Қырғызстан бостандық, тәуелсіздік және бірлік қағидаттарына негізделген демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет деп жарияланды. 1993 жылғы 10 мамырда Қырғызстан бұрынғы кеңестік республикалар арасында алғаш болып өзінің ұлттық валютасын, яғни сомды енгізді.

Әдетте мереке Бішкектің орталық алаңы Ала-Тоода атап өтіледі. Онда мерекелік шерулер, іс-шаралар, концерттер ұйымдастырылады.