Бүгін дүниежүзілік балет күні

Бүгін дүниежүзілік балет күні
Сурет: Rg.ru

Жыл сайын маңызды мереке әлемнің түкпір-түкпірінде ерекше аталып өтіледі.

Олардың қатарында отандық балет театрлары да бар. Биылдың өзінде республика бойынша балет әртістері 160-қа жуық спектакль қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оны 100 мыңға жуық көрермен тамашалаған. Бүгінде шетелдік мамандар қазақ балетіне жоғары баға беруде.

Балет әртістерінің әр қойылымына көрермендер көп жиналады. Себебі, репертуар жаңарып отырады. Қазіргі күннің өзінде "Астана опера" театр репертуарында 26 балет спектаклі бар.

«Қазіргі күні отандық балет саласының деңгейі өте жоғары. Мұны мақтанышпен айтамыз. Біздің балеттің басты ерекшелігі сол әртістер әр би қимылына бар ынтасын салып, шығармашылыққа мән береді. Олардың біліктілігін шыңдай түсуге барымызды салып жатырмыз», - дейді "Астана опера" театрының тәлімгер-ұстазы Ғалия Бегалина.

Бүгінде Қазақстанда төрт балет театры бар. Оның үшеуі республикалық, біреуі өңірлік театр. Жыл басынан бері республика бойынша 160-қа жуық балет спектаклі қойылды. Ал оған жиналған көрермен саны 100 мыңға жуықтайды. Бұл балетке деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді