Бүгін доллар тағы қымбаттады

Бүгін доллар тағы қымбаттады
Сурет: интернеттен

14 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,71 теңгеге көтеріліп, 446,46 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,49 теңге (+0,85) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 494,83 теңге, рубльді 4,92 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445,5-448,5 теңге, еуро 496-500,5 теңге, ресей рублі 4,87-5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,14%-ға арзандап, барреліне 81,25 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыз айындағы фьючерстері 0,14%-ға төмендеп, барреліне 76,78 доллар болды.