Бүгін ауа райы қандай болады

Бүгін ауа райы қандай болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет ел аумағында 14 наурызда болатын метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Ведомствоның мәліметінше, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Солтүстікте, шығыста, орталықта қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, оңтүстікте таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі», деп жазды синоптиктер.

Тек ҚР батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл болады.