Бүгін Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Бүгін Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай  қалыптасады
mail.kz

Бүгін Қазақстанның екі қалсында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды  «Қазгидромет».

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 2023 жылғы 09 тамызда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары қалыптасады.

Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.